
Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның дайындық деңгейін, қару-жарақ пен техника жағдайын тексеру, сондай-ақ ұйымдастырушылық және практикалық дағдыларды жетілдіру.
Шеру барысында ерекше назар тәртіпке, сыртқы көрініске, ішкі тәртіпті сақтауға және қызметтік тапсырмаларды орындауға дайындыққа аударылды. Сонымен қатар, бұл іс-шара бөлімшелердің кәсіби даярлық деңгейін және үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шараларды өткізу оперативтік қызмет тиімділігін арттыруға, тәртіпті нығайтуға және жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындықты сақтауына ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DUxd0_mCrUJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==