Маңғыстауда интернационалист жауынгерлер еске алынды

Маңғыстауда интернационалист жауынгерлер еске алынды

15 ақпанда Совет әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 37 жыл толды. Осыған орай, Ауған соғысында ерлік пен батылдық көрсеткен интернационалист жауынгерлерге арналған еске алу шарасы өткізілді.

Шара барысында гүл шоқтары қойылып, қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Қатысушылар тарихи естелікті сақтау, ардагерлердің ерлігін құрметтеу және соғыстың қайғылы салдарын түсіну маңызды екенін атап өтті.

Кездесудің мақсаты — Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін мәңгі есте сақтау, патриотизмді тәрбиелеу және Отан қорғаудағы әскери борыштың маңыздылығын арттыру.

Сонымен қатар, шара аясында ерлік көрсеткен, қылмыстарды ашуға үлес қосқан және қызметтік міндеттерін адал орындаған қызметкерлер марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/DUxY4S9DOQ_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==