Маңғыстау ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімінің қызметкерлері оқушылармен ақпараттық-ағартушылық сабақ өткізді

Маңғыстау ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімінің қызметкерлері оқушылармен ақпараттық-ағартушылық сабақ өткізді

Сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген соңғы өзгерістермен таныстыру.

👮‍♂️ Тергеу бөлімінің қызметкерлері заң талаптары, құқықтық жауапкершіліктің түрлері және құқық бұзушылық салдары туралы нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірді.

📚 Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы құқықтық ақпарат алды.