
Қалалық тұрғындарды алаяқтықтан қорғау мақсатында қоғамдық көлікте ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күнделікті пайдаланылатын автобустарда алаяқтардың әрекеттері туралы арнайы ескертулер орналастырылды.
Ескертулерде интернет және телефон арқылы жасалатын ең кең тараған алаяқтық түрлері көрсетілген. Атап айтқанда, тұрғындарға банк қызметкерлері немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған адамдардың қоңырауларынан сақ болу, жеке деректерді бөтен адамдарға бермеу және күмәнді сілтемелер бойынша өтуге болмайтыны ескертілді.
Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта осындай қылмыстардың саны артқан. Сондықтан азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі болып қала береді.