
Қате тоқтау және көлікті дұрыс тұрғызбау – әсіресе қыс айларында ең көп кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі. Көше мен аулада дұрыс қойылмаған автокөліктер қар тазалауға кедергі келтіреді, көлік қозғалысын қиындатады және қауіпсіздікке қауіп төндіреді.
— Қар жауған кезде әрбір жүргізушінің жауапкершілігі артады. Дұрыс тұрғызылмаған автокөлік қаланы тазалауға ғана емес, шұғыл қызметтердің өтуіне де кедергі келтіруі мүмкін. Біз тұрғындарды автокөліктерді дұрыс қойып, жолда өзара сыйластықты сақтауға шақырамыз, — деді қала әкімшілік полиция басқармасының басшысы.
Полиция ескертеді: тоқтау және автокөлікті дұрыс тұрғызбау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: Polisia.kz
Polisia.kz : https://polisia.kz/ru/politsiya-napominaet-voditelyam-o-pdd-v-almaty/.