Маңғыстау ауданы: мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік іс қаралуда

Маңғыстау ауданы: мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік іс қаралуда

Маңғыстау ауданы, Тиген ауылы — «Құқық тәртібі» атты жедел-профилактикалық іс-шара аясында азамат С. мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Бұл құқықбұзушылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес рәсімделіп, әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиналған материалдар сотқа жолданды, қазіргі уақытта іс соттың қарауында.

Маңғыстау ауданы полициясы азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және мас күйінде көлік жүргізбеуді ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздың жауапкершілігімізде.

📌 Толығырақ ақпарат: Instagram

Маңғыстау ауданы полиция бөлімі

https://www.instagram.com/reel/DUse8A6jgjY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==