Маңғыстау ауданында жасөспірімдермен ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Маңғыстау ауданында жасөспірімдермен ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және қоғамда жауапты мінез-құлық қалыптастыру. Кездесу барысында жасөспірімдерге нашақорлық, суицидтік мінез-құлық, сталкинг, интернет-алаяқтық және ұрлық сияқты құқықбұзушылықтар үшін көзделген заңдық жауапкершілік түсіндірілді.

Сондай-ақ, құқыққа қарсы әрекеттердің салдары, кәмелетке толмағандарды жауапкершілікке тарту тәртібі және арнайы мекемелердегі тәрбиелік жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берілді.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Маңғыстау ауданы полиция бөлімі

https://www.instagram.com/reel/DUshvphDrYQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==