
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес 2026 жыл «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жылы деп жарияланды.
Осыған байланысты Бейнеу ауданының полиция бөлімі ауданның білім беру ұйымдарының белсенді оқушылары қатысуымен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» деген атаумен мектеп оқушыларының форумын өткізді.
Форум барысында кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ескертулер таратылды.
Сонымен қатар, А. Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ оқушылары «Кибербуллинг – заңға тыйым салынған әрекет» тақырыбында сот отырысының театрландырылған қойылымын ұсынды.
Форум қорытындысы бойынша белсенділік танытқан білім беру ұйымдарының өкілдері бөлім бастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қойылым барысында оқушылар құқық қорғау жүйесінің өкілдерінің рөлдерін орындап, сот процесін жан-жақты көрсетті. Атап айтқанда, Судья, Прокурор, Адвокат, Айыпталушы, Куәгер, Ата-ана, Мұғалім, Психолог және Зиян шеккен адам рөлдері жоғары деңгейде орындалды.
Әрбір кейіпкер өз міндеттерін нақты ашып, көрермендерге кибербуллингтің құқықтық жауапкершілікке әкелетінін және ауыр салдарлары бар екенін түсіндірді. Қойылым жасөспірімдердің заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға бағытталды.
Бейнеу ауданының полиция бөлімі