Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушыларды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында аудан аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
⚜️Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көлік, такси және жолаушы тасымалдайтын өзге де көлік құралдарына тексеру жұмыстарын жүргізіп, жүргізушілердің құжаттарының заңдылығына, техникалық жағдайына, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударуда.
⚜️Аталған профилактикалық іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған.
❗️Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, заң талаптарын бұзбауға және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз.
