«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында профилактикалық кездесу өтті

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында профилактикалық кездесу өтті

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауданы Полиция бөлімі кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Осыған орай, Бейнеу ауданы Полиция бөлімі ҚҚб ЮПТ КТіЖ УПИ полиция аға лейтенанты Т. Имандаулетова және полиция лейтенанты И. Аманкулова Бейнеу Дарын мектебі ЖШС-нің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне қатысты заң талаптары, әкімшілік жауапкершілік шаралары, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігі жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар оқушыларға сабаққа тұрақты қатысу, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, себепсіз сабақтан қалмау, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында алкоголь өнімдері, темекі және электронды темекі құралдарын (glo, вейп және өзге де никотин өнімдері) пайдаланудың зияны туралы жан-жақты айтылды. Аталған зиянды заттардың жас ағзаға кері әсері, денсаулыққа тигізетін қауіптері және болашақ өміріне әсері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Сондай-ақ киберқауіпсіздік, интернет желісіндегі алаяқтық әрекеттерден сақтану, бейтаныс адамдармен жеке ақпарат алмасудың қауіптілігі жөнінде профилактикалық кеңестер берілді.

Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды. Жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті екені ескертілді.

Бейнеу ауданы Полиция бөлімі құқықтық тәртіпті нығайту және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

https://www.instagram.com/reel/DUnEybTjAAW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==