
Полиция органдары сталкинг — яғни адамды қасақана қадағалау, рұқсатсыз байланыс жасау, қорқыту және психологиялық қысым көрсету әрекеттеріне жол берілмейтінін ескертеді.
Мұндай әрекеттер азаматтардың жеке өміріне қол сұғу болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы. Сталкинг адамның қауіпсіздігіне, психологиялық жағдайына және еркін өмір сүру құқығына тікелей қауіп төндіреді.
Еске саламыз:
— Үндемей қалу немесе жауап бермеу — келісім емес;
— Қадағалау мен бақылау — махаббаттың немесе қамқорлықтың белгісі емес;
— Әрбір азаматтың жеке шекарасы заңмен қорғалады.
Егер сіз сталкингке тап болсаңыз немесе куәгер болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз. Құқық бұзушылықты ерте хабарлау — ауыр зардаптардың алдын алады.
Қауіпсіздік — әр азаматтың құқығы.
Құрмет — қоғамның негізі.
https://www.instagram.com/p/DUk2U2WDWP9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==