Қарақия ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша жұмыс жиналысы өтті

Қарақия ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша жұмыс жиналысы өтті

2026 жылғы 9 ақпанда Қарақия аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Батыров Төлеуберді Қобыланұлының қатысуымен Жетібай кенттік полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы арасында жұмыс жиналысы өтті.

Жиын барысында алдағы жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау, жедел-профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша полиция майоры Т.Қ. Батыров жұмыс сапасын арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ тұрғындармен, оның ішінде қауіп-қатер тобына жататын азаматтармен нысаналы профилактикалық жұмыстарды жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мұндай жұмыс жиналыстары аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DUk2fZOjZ5h/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==