
Маңғыстау облысы аумағында мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың жолын кесу мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері сауда нысандарының иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Іс-шара барысында дүкен иелеріне алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың салдары, мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік, сондай-ақ интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді жағдайларға алданбауға және құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алуға шақырды.
Аталған профилактикалық жұмыстар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DUk4GJpDBnn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==