
Басқұдық ауылына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары жүргізген профилактикалық тексеру барысында 21 жасқа толмаған азаматқа алкоголь өнімін сатқан азық-түлік дүкені анықталды.
Профилактикалық іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері сауда нысандарының иелерімен және сатушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алкоголь өнімін сату кезінде сатып алушылардың жасын міндетті түрде тексеру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнама талаптары мен оларды бұзғаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
⚖️ Аталған дерек бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, іс жүргізу үшін Мұнайлы аудандық сотына жолданды.
🚔 Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындар арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да күшейтетін болады.
https://www.instagram.com/reel/DUgNxA_Ctmm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==