
Мал қатысатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері және аудандық прокуратура өкілдері бірлесіп профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында шаруашылық иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әсіресе қараңғы уақытта малдың жолға шығып кетуінен туындайтын қауіптерге ерекше назар аударылды. Мамандар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үй жануарларына жарық шағылыстырғыш ленталарды тағудың маңыздылығын түсіндірді.
Құқық қорғау органдары жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
https://www.instagram.com/reel/DUgTLX7CmzA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==