Қала тұрғыны тергеушіге алғысын білдірді

Қала тұрғыны тергеушіге алғысын білдірді

Ақтау қаласының тұрғыны Ақтау қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Құттыбаева Жұлдызға қылмыстық істі қысқа мерзім ішінде сапалы, жан-жақты және заң талаптарына сай тергеп, оны уақытылы сотқа жолдағаны үшін шынайы алғысын білдірді.

Тергеушінің кәсіби біліктілігі, жоғары жауапкершілігі және іс жүргізу сапасына ерекше мән беруі істің әділ әрі уақытында қаралуына зор ықпал етті. Қала тұрғыны істің заң талаптарына сай тергеліп, қысқа мерзімде нәтижелі шешім табуына қызметкердің жүйелі жұмысы мен кәсіби шеберлігі себеп болғанын атап өтті.

Атқарған еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, алдағы қызметіне табыс, мықты денсаулық және кәсіби жетістіктер тіледі.

Полиция департаменті азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты әрі қарай да сапалы ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлетіндігін, сондай-ақ қоғамдық сенім мен ашықтықты нығайтуға ұмтылатынын хабарлайды.