Алаяқтықтың алдын алу – ортақ міндет!

Алаяқтықтың алдын алу – ортақ міндет!

Газ құю бекеттерінде қызмет атқаратын әрбір қызметкер алаяқтықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Қызметкерлерге және клиенттерге қауіпсіздік шараларын сақтау, күмәнді жағдайларды анықтау және дереу әрекет ету жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Алаяқтар көбіне төлем жүргізу кезінде немесе жеке деректерді алу мақсатында әртүрлі айла-тәсілдерді қолданады. Сол себепті қызметкерлерге келесі ережелерді сақтау міндеттеледі:

📌 Клиенттердің жеке деректерін сұрамау және бермеу;
📌 Ақша немесе бонус туралы күмәнді өтініштерден бас тарту;
📌 Күмән тудырған жағдайларда бірден басшылыққа немесе полицияға хабарлау.

Қоғамның әрбір мүшесі алаяқтыққа қарсы күресте жауапты. Сондықтан барлық азаматтарды сергек болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.

Сергек болыңыз – алаяққа жол жоқ!
Заң мен тәртіп – баршамызға ортақ.

https://www.instagram.com/reel/DUYApgLjYym/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==