Жас кадеттер Маңғыстау облысы полициясы музейін аралады

Жас кадеттер Маңғыстау облысы полициясы музейін аралады

Маңғыстау облысы Полиция департаменті музейінде өсіп келе жатқан ұрпақ үшін танымдық экскурсия өтті. Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері Кызылтөбе ауылындағы №13 мектеп-гимназиясында ішкі істер органдарының ардагері Қорабай Боқышовтың құрметіне ашылған «Жас кадет» кадет сыныбының оқушыларын музейге арнайы ұйымдастырып алып барды.

Экскурсия барысында оқушылар полицияның қалыптасу тарихымен, ішкі істер органдарының даму кезеңдерімен танысты. Сондай-ақ, қызметтік борышын орындау кезінде ерлік пен батылдық танытқан ардагерлердің өмір жолы мен қызметі туралы мағлұмат берілді. Оқушыларға музейдің бірегей жәдігерлері көрсетіліп, олардың тарихи және тәрбиелік маңыздылығы туралы толық түсіндірілді.

Музей қызметкерлері жас кадеттерге полиция қызметінің маңыздылығы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық тәртібін сақтау саласындағы рөлі туралы әңгімелеп берді. Іс-шара барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақ қойып, нақты жауаптар алды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды патриотизмге тәрбиелеу, заң мен құқық тәртібіне құрметті қалыптастыру және жас ұрпақтың құқық қорғау органдарында қызмет етуге қызығушылығын арттыру болып табылады.

Осындай іс-шаралар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал етіп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға септігін тигізеді.

https://www.instagram.com/p/DUalp9RDMj1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==