
Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аудан прокурорының орынбасары Ходжаев Берік Мавладинұлымен бірлесіп, «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – автокөлік жүргізушілеріне интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Түсіндіру жұмыстары барысында жүргізушілерге алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері, күмәнді сілтемелер мен қоңыраулардан сақтану жолдары, сондай-ақ жеке деректерді қорғау бойынша маңызды ақпараттар жеткізілуде. Сонымен қатар, жүргізушілерге құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар беріліп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылады.
Құқық қорғау органдары мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлайды.
Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі
https://www.instagram.com/reel/DUbEFhpCmEA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==