Қоғамдық қауіпсіздік – басты міндет

Қоғамдық қауіпсіздік – басты міндет

2026 жылғы 6 ақпанда бөлім бастығы, полиция подполковнигі Махмутов Нұржан Оразұлының төрағалығымен жеке құраммен жиналыс өткізілді.

Жиын барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері кеңінен қаралды. Бөлім бастығы алдымен қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, бұл салада жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуге арналған 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру, сондай-ақ 2024–2026 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында профилактикалық шараларды күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар, соңғы уақытта өзекті мәселеге айналған интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында күнделікті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру қажеттігі ерекше атап өтілді. Бұл бағытта әрбір полиция қызметкерінің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс екені ескертілді.

Жиын қорытындысында бөлім бастығы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу, халықпен тығыз байланыс орнату және қоғамдық тәртіпті сақтау полиция қызметінің негізгі басым бағыттары екенін атап өтті.

https://www.instagram.com/reel/DUbrT9KCr3L/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==