Бейнеу ауданында полицияның тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті

Бейнеу ауданында полицияның тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті

Бейнеу ауданы Полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны С. Кукекбаев және учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ж. Алиев өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтың тұрғындарымен кезекті есеп беру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді ашық айтып, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Барлық көтерілген сұрақтарға полиция қызметкерлері тарапынан заң аясында нақты жауаптар берілді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері алдағы уақытта да халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың тыныштығын сақтау бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Халықтың сенімі — полиция қызметінің басты бағдары.

Бейнеу ауданы Полиция бөлімі

https://www.instagram.com/reel/DUcQ06GjPty/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==