
Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Махмутовқа 06.02.2024 жылы азамат Б. Рысмағанбетов Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қызметкері, атап айтқанда тергеу бөлімшесінің анықтаушысы, полиция капитаны А. Г. Гизатоваға алғыс білдірді.
Азамат Б. Рысмағанбетов полиция капитаны А. Г. Гизатованың өз қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде орындап, жедел әрекет жасауының нәтижесінде «Kaspi.kz» мобильді қосымшасы арқылы белгісіз тұлғаның ірі көлемде тауарлық несие рәсімдеуге әрекет жасаған дерегі бойынша дер кезінде тиісті шаралар қабылдағаны үшін ризашылығын жеткізді.
https://www.instagram.com/p/DUckquVirp_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==