
Маңғыстау облысында ЖБО (жедел басқару орталықтары) арқылы құқық бұзушылықтар жүйелі түрде анықталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысының жедел басқару орталықтарына қаңтар айында 30 мыңнан астам хабарлама келіп түсті.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел басқару орталықтары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда өңірде 2 жедел басқару орталығы (Ақтау және Жаңаөзен қалаларында), сондай-ақ 5 шағын жедел басқару орталығы (Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу және Қарақия аудандарында) жұмыс істейді.
2026 жылдың қаңтар айында «102» арнасына әртүрлі сипаттағы 30 201 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде:
Ақтау қаласында – 22 858
Жаңаөзен қаласында – 3 820
Мұнайлы ауданында – 521
Маңғыстау ауданында – 527
Түпқараған ауданында – 850
Қарақия ауданында – 160
Бейнеу ауданында – 1 465 хабарлама тіркелді.
«102» мобильді қосымшасы арқылы 650 хабарлама қабылданды. Оның ішінде:
«102 ОМН» жүйесі арқылы – 441
EgovMobile арқылы – 129
Kaspi.kz арқылы – 79
HalykBank арқылы – 1 хабарлама.
Қоғамдық орындарда орнатылған 25 «SOS» батырмасы арқылы жыл басынан бері шақырту тіркелмеді.
Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 34 қылмыс ашылып, 5 705 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Өңірде жалпы саны 63 595 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 21 898-і жедел басқару орталықтарына қосылған.
«Таргитай» бет-әлпетті тану жүйесінің көмегімен іздеуде жүрген 10 азамат анықталып, полицияға жеткізілді.
Маңғыстау облысы полициясы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.