Маңғыстау облысында есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар қорытындыланды

Маңғыстау облысында есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар қорытындыланды

Маңғыстау облысы полиция департаментінде 2025 жылы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес отырысына Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы С. Аяғанов қатысты. Жиын барысында өңірде есірткі қылмысының алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстар талқыланып, профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері сараланды. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды.

Жиында кеңес мүшелері жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту бағытында жүзеге асырылған жобаларды қарастырды. Ақпараттық-түсіндіру кездесулері, профилактикалық акциялар мен әлеуметтік жобалардың маңызы атап өтілді.

С. Аяғанов есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, қоғаммен тығыз байланыс орнату және жастармен профилактикалық жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажеттігін жеткізді.

Кеңес мүшелері есірткі қылмысына қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысы аса маңызды екенін атап өтті. Бұл бағыттағы профилактикалық шараларды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмысын одан әрі жетілдіру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.