Түпқараған ауданында мал ұрлығы және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Түпқараған ауданында мал ұрлығы және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Түпқараған ауданы полиция бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Төребаев Бекзат Далихұлының қатысуымен Ақшұқыр және Сайын ауылдарының шаруа қожалықтары иелерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда:

  • жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

  • жолдарда қараусыз жүрген мал салдарынан туындайтын жол-көлік оқиғалары мен өзге де оқиғалардың алдын алу мәселесі көтерілді;

  • мал ұрлығының, жануарларды заңсыз тасымалдаудың, сондай-ақ малды есепке алмай және тіркеусіз ұстаудың алдын алу шаралары талқыланды;

  • полицияның құқық бұзушылықтардың алдын алу және ауылдық жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы қызметі туралы ақпарат жеткізілді.

Шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау, малды белгіленген орындарда ұстау, қора-жайлардың күзетін күшейту, сондай-ақ күдікті тұлғалар анықталған жағдайда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицияға жедел түрде хабарласу қажеттігі жөнінде нақты ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын жедел қараудың маңыздылығы және халықтың құқықтарын қорғау мақсатында өзара ынтымақтастықтың қажеттілігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауылдық елді мекендерде қауіпсіздік деңгейін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

https://www.instagram.com/tupkaragan_polisia_bolimi/reel/DUVgcKCgutu/