Депутаттар мен полиция басшылары өзекті мәселелерді талқылады

Депутаттар мен полиция басшылары өзекті мәселелерді талқылады

Қала депутаттары қалалық полиция басқармасының бастығы және бөлім басшыларымен кездесу өткізді. Басқосуда қала тұрғындарын алаңдатқан бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, қалалық жолдардың жағдайы, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік кептелісін азайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының халықпен тікелей байланысы мен атқарылған жұмыстары бойынша есеп беруі сөз болды.

Кездесу барысында депутаттар тұрғындардан түскен өтініш-шағымдарды жеткізіп, құқық қорғау органдарының алдын алу шараларын күшейту, учаскелік полицейлердің жауапкершілігін арттыру және тұрғындармен кері байланысты нығайту қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде полиция басшылығы көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысында тараптар қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

https://www.instagram.com/reel/DUVnt4UjbmW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==