Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізілді

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізілді

Ағымдағы жылдың 26 қаңтары мен 4 ақпаны аралығында Қарақия ауданы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында Қарақия аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция майоры А.Б. Есенғалиев аудан көлемінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабына сәйкес әкімшілік қамау мерзімін өтеп жатқан тұлғалармен профилактикалық сұхбат жүргізді.

Сұхбат барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамдарға сыйламаушылық көрсету, былапыт сөз айту, қорлау, кемсіту, тұрмыстық заттарды бүлдіру, азаматтардың тыныштығын бұзу және тұрғын үйде жасалған өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Профилактикалық әңгімелесу барысында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудың салдары, құқық бұзушылықтың отбасылық және әлеуметтік қатынастарға тигізетін зияны, сондай-ақ жеке жауапкершілік туралы нақты мысалдармен түсіндірілді. Қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған бұл шара алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізілетін болды.