
Ағымдағы жылдың 1–28 ақпан аралығында Республика аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында өзге уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп аңшыларға, аңшылық шаруашылықтарына, аңшылық алқаптарға, сондай-ақ аталған аумақтарда жүрген өзге де тұлғаларға тексеру жүргізіледі. Тексеру барысында аң аулау қағидалары мен браконьерлік фактілерін анықтауға, оның ішінде аң аулау мақсатында Қазақстан Республикасына келген шетелдік азаматтардың аңшылық қаруды әкелу, әкету және көшіру тәртібін, сондай-ақ көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауына ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, автожолдарда көлік құралдары тексеріліп, азаматтардың атыс аңшылық қаруы мен патрондарын, суық қаруды сақтау және алып жүру, аң аулау, балық аулау, ағаш кесу және дайындау, табиғатты пайдаланудың өзге де түрлерімен айналысу, сондай-ақ биологиялық ресурстардың барлық түрлерінің объектілері мен өнімдерін тасымалдау үшін қажетті рұқсат құжаттарының болуы тексеріледі.