
Интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында Басқұдық ауылына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары ауыл аумағындағы сауда орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалардан сақтану жолдары, сондай-ақ жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтарға сақтық шаралары көрсетілген арнайы жаднамалар таратып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
https://www.instagram.com/reel/DUWHYoHCAvj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==