
Азаматша Г. Тяжова Ақтау қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Елубаев Аман Қуанышбайұлына қылмыстық істі қысқа мерзім ішінде сапалы, жан-жақты және Қазақстан Республикасының заң талаптарына толық сәйкес тергеп, оны уақытылы сотқа жолдағаны үшін шынайы алғысын білдірді.
Тергеу барысында көрсетілген жоғары кәсіби біліктілік, жауапкершілік және адал қызмет істің әділ әрі уақтылы қаралуына айтарлықтай ықпал етті.
Азаматша Г. Тяжова атқарған еңбегі үшін ризашылығын білдіре отырып, полиция аға лейтенанты Елубаев Аман Қуанышбайұлына алдағы қызметіне табыс, мықты денсаулық және кәсіби жетістіктер тіледі.