
“Қауіпсіз аула” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындар көп шоғырланатын аумақта аулада қабылдау акциясы ұйымдастырылды.
📌 Іс-шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың алдын алу, бейнебақылау жүйелерінің маңызы, сондай-ақ балалар ойын алаңдарының қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық бағытта кеңестер беріліп, тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындарға құқық бұзушылықтың алдын алу, көрші қатынастарын нығайту, күмәнді тұлғалар мен жағдайларды дереу хабарлау қажеттілігі туралы ескертті. Қауіпсіздік шараларының бірі ретінде аумақтық тұрғындармен бірлесіп бейнебақылау камераларын орнату және олардың жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету жайында да ұсыныстар берілді.
Акция барысында тұрғындар өздерінің шағымдары мен өтініштерін жеткізіп, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша кеңес алды. Полиция қызметкерлері азаматтарды кез келген күмәнді жағдайлар туындаған кезде “102” нөміріне хабарлауға шақырды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
https://www.instagram.com/reel/DUTgL0xCXYj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==