
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасы Жедел-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы полиция капитаны Қ. Овезов қала аумағындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
🎓 Кездесудің мақсаты – жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде жедел-іздестіру қызметі және тергеу-криминалистикалық маманданулары бойынша «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы аясында жоғары заңгерлік білімі бар мамандар даярлау және оқушыларды полиция қызметіне тарту.
📚 Кездесу барысында оқушыларға полиция қызметінің ерекшеліктері, оқуға қабылдау талаптары, оқу кезеңіндегі әлеуметтік кепілдіктер мен қызметтік болашағы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
🏛 Қазіргі уақытта ҚР ІІМ жүйесінде 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді:
🔹 ҚР ІІМ Алматы академиясы;
🔹 ҚР ІІМ Қарағанды академиясы;
🔹 ҚР ІІМ Қостанай академиясы;
🔹 ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты.
⚡️ Академияларда оқудың артықшылықтары:
✔️ заманауи жабдықталған жатақхана
✔️ күніне 3 мезгіл тегін тамақтану
✔️ нысанды киім-кешекпен қамтамасыз ету
✔️ медициналық қызмет көрсету
✔️ ай сайын шәкіртақы төлеу
✔️ демалыс кезеңінде тұрақты тұратын жеріне барып-қайту жол ақысының төленуі
✔️ оқу мерзімі мерзімді әскери қызметке теңестіріліп, еңбек өтіліне есептеледі
✔️ оқу бітіргеннен кейін 100% жұмысқа орналастыру
✔️ оқу орнын тәмамдаған түлектерге жоғары білім туралы диплом және полиция лейтенанты арнайы атағы беріледі
👥 Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметіне түсу тәртібі мен болашақ мансаптық мүмкіндіктері туралы толық мәлімет алды.
https://www.instagram.com/reel/DUUx2DnDLh9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==