
Бөлімнің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындар көп жиналатын орындарда ақпараттық-түсіндіру тақтайшаларын орнатты.
Аталған іс-шара барысында азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, оның ішінде жалған хабарландырулар, фейк-сайттар, белгісіз нөмірлерден келетін қоңыраулар мен хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар тұрғындарға жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және банк карталарының реквизиттерін жарияламау жөнінде ескертулер жасалды. Ақпараттық тақтайшаларда алаяқтық белгілері мен осындай жағдайларда әрекет ету тәртібі көрсетілген.
Полиция қызметкерлері азаматтарды сақ болуға, күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына немесе «102» нөміріне дереу хабарласуға шақырды.
https://www.instagram.com/reel/DUVM70Yir4h/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==