
Ақтау қаласы аумағында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында маскүнемдер мен нашақорлар жиі жиналатын мекенжайлар тексеріліп, құқық бұзушылықтарға бейім тұлғалар анықталды. Ақтау қаласы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтардың салдары мен заң талаптары жөнінде ескертті.
Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, алкогольдік ішімдіктерді заңсыз тұтынудың жауапкершілігі туралы түсіндірілді. Полиция қызметкерлері азаматтарды құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
https://www.instagram.com/reel/DUVU8gdjDfL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==