
Маңғыстау облысы аумағында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. 🏘️
Іс-шара барысында маскүнемдер мен нашақорлар жиі жиналатын мекенжайлар тексеріліп, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданды. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері аталған азаматтармен профилактикалық сұхбаттар жүргізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын өткізді. 👮♂️
Сонымен қатар азаматтарға қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, мас күйінде құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. 🚔
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
https://www.instagram.com/reel/DUS3TeqjL18/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==