Маңғыстау облысында тағы бір ауыл қауіпсіздік пен салауатты өмір салтын таңдады

Маңғыстау облысында тағы бір ауыл қауіпсіздік пен салауатты өмір салтын таңдады

Маңғыстау облысының Бекі ауылында кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Бастама ауыл тұрғындарының қолдауына ие болып, нәтижесінде аудандық әкімдік, прокуратура, полиция бөлімі және кәсіпкерлер арасында төртжақты келісімге қол қойылды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алкоголь сатудан бас тарту ауылдағы әлеуметтік жағдайға оң әсерін тигізген. Соңғы бес жыл ішінде Бекі ауылында бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Тұрмыстық жанжалдар мен құқық бұзушылықтар азайып, көршілік қарым-қатынастар нығайған.

Ауыл тұрғындары қауіпсіздік ең алдымен жеке жауапкершілік пен өзара құрметтен басталатынын атап өтеді. Ал кәсіпкерлер бұл бастаманы қоғамдық игілік қысқа мерзімді пайдадан маңыздырақ екенін түсіне отырып қолдаған. Бекі ауылының тәжірибесі өңірдегі басқа елді мекендер үшін оң үлгі бола алады.