
Ақтау қалалық Полиция басқармасы адам қауіпсіздігіне қатер төндіретін, жеке кеңістік пен тыныштықты бұзатын қудалау әрекеттеріне арналған жаңа әлеуметтік бейнеролик ұсынды.
Сталкинг — бұл адамның еркінен тыс, үздіксіз аңду, мазасыз қоңыраулар, бақылау және психологиялық қысым көрсету арқылы қауіп төндіретін әрекеттер жиынтығы.
Бейнероликте бейтаныс адам тарапынан қудалауға ұшыраған қыздың оқиғасы баяндалады. Ол дер кезінде полицияға жүгініп, ықтимал ауыр салдардың алдын алды. Бұл — құқық қорғау органдарына уақытылы жүгінудің маңызын көрсетеді.
Сталкинг — назар аудару немесе қамқорлық емес. Бұл — жеке шекараны бұзатын, заңға қайшы және елеулі қауіп тудыратын әрекет. Мұндай қудалау одан да ауыр құқықбұзушылықтарға әкелуі мүмкін.
👮🏽♂️ Полиция ескертеді: сталкинг — қылмыс.
Әрбір қудалау дерегі дереу тоқтатылуы тиіс.
https://www.instagram.com/reel/DUN7JYvDLe6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==