
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Теңге ауылы әкімдігі аппаратының қызметкерлері ауылдың учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, ауыл аумағында профилактикалық рейд жүргізді.
Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға жол бермеу мәселелері бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарымен тазалықты сақтау жөнінде профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Ұйымдастырушылар тұрғындарды тазалықты сақтауға, заң талаптарын орындауға және туған ауылдың көркеюіне бірлесе үлес қосуға шақырды.
https://www.instagram.com/reel/DUGdTU8DJ4b/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==