Маңғыстау облысы Ақжігіт елді мекенінде ата-аналармен кездесу өтті

Маңғыстау облысы Ақжігіт елді мекенінде ата-аналармен кездесу өтті

Бүгін Ақжігіт елді мекенінде ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан прокуроры С. Хасниязов, аудан әкімінің орынбасары Қ. Назарханов, бөлім бастығы, полиция полковнигі Е. Изкенов және аудандық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, балалардың қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді. Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға және ата-ана мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.

https://www.instagram.com/mangistaupd/p/DULl2lgDOXT/