
Ақтау қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімінде полиция капитаны Қадыров Манас Жамбылұлы абыройлы қызмет атқаруда. 1998 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген Манас Қадыров ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 2017 жылдан бастаған.
Қызмет барысында ол Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінде учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы лауазымдарында жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтады.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімінде тергеуші ретінде қызмет атқарып жүрген жас маман өз ісіне жоғары жауапкершілікпен қарайды. Жас болғанына қарамастан, ол өзін кәсіби біліктілігі жоғары, принципшіл әрі талапшыл қызметкер ретінде көрсете білді.
Қызмет барысында Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң сақтап, қылмыстық істерді жан-жақты, толық және объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз етеді. Дәлелдемелерді жинау мен бағалауда мұқияттық танытып, әрбір істің мән-жайына терең талдау жүргізеді. Іскерлік қасиеттері жоғары, аналитикалық ойлау қабілеті дамыған Қадыров Манас күрделі әрі жауапты жағдайларда дұрыс әрі заңды шешім қабылдай алатын білікті маман ретінде әріптестерінің құрметіне ие.
Осындай жас, білімді және жауапты қызметкерлердің болуы – құқық қорғау органдарының кәсіби әлеуетін арттырып, қоғам сенімін нығайтуға ықпал етеді.
https://www.instagram.com/mangistaupd/reel/DULmqegDKdt/