Ішкі істер органдарына Маңғыстау облысы Полиция департаментінің аймақтық бөлімдеріне бос лауазымдарға орналасуға конкурс туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысы Полиция департаменті 130000, Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, анықтама үшін телефон: 8 (7292) 47-51-55, 8 707 998 61 01 Полиция органдарына орта және аға басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы квалификациялық талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы.
- Орта және аға басшы құрам лауазымдарына жасы 35 тен аспаған, (ер адамдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмдi жедел әскери қызметтен өткен), жоғары білімі бар біліктілік талапқа сай азаматтар қабылданады.
- Конкурстан өткен үміткерлер құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы арнайы дайындықтан өтеді.
- Орта және аға басшы құрамның үміткері ҚР заңнамасын білуге арналған мемлекеттік тестілеуден 3 бағдарлама бойынша қажет етеді. Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 жарлығымен «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі» бiлуге арналған тестілер. Компьютерлік техниканы игере білу. Мемлекеттік тілді білу, кәсіптік салаға қатысты ноормативтік-құқықтық актілерді, қызметтік міндеттерін ақтаруға басқа да сәйкес біліктілік пен белгілі көлемдегі білімі болуы тиіс.
Орта және аға басшы құрам лауазымдары – 3 бірлік:
Полиция департаменті аппараты:
- Медициналық бөлімінің бастығы-дәрігер - 1 бірлік(кемінде басшы-дәрігер лауазымында екі жыл еңбек өтілі болуы тиіс), орташа жалақысы – 370 000 теңге;
- Медициналық бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобының бас маманы - бас санитарлық дәрігер - 1 бірлік орташа жалақысы – 300 000 теңге;
- Медициналық бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобының аға инспекторы - дәрігер1 бірлік орташа жалақысы – 280 000 теңге.