Маңғыстау облысында заң және салауатты өмір салты мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысында заң және салауатты өмір салты мәселелері талқыланды

Polisia.kz хабарлағандай, Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының бастамасымен Маңғыстау облысының жастары арасында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау. Кездесуге спикер ретінде Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мади Тоқанов және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы басқармасының оперуполномоченныйы Пердегүл Көбесінова қатысты.

Кездесу барысында мамандар жастарға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, құқықбұзушылықтардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін теріс салдарын, сондай-ақ есірткі заттарын қолданудың психологиялық, әлеуметтік және құқықтық салдарын айтты.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Сонымен қатар, кинологтар қатысуымен өткізілген кездесуде қызметтік иттердің есірткі заттарын анықтау жұмысы көрсетілді. Көрсетілім қатысушылардың қызығушылығын тудырып, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.

Кездесу Ақтау технологиялық сервистік колледжінің базасында өтті. Іс-шараға шамамен 100 студент қатысты.

Polisia.kz : https://polisia.kz/ru/voprosy-zakona-i-zdorovogo-obraza-zhizni-obsudili-v-mangistauskoj-oblasti/