Департамент бастығы Маңғыстау облысында азаматтарды жеке қабылдады

Департамент бастығы Маңғыстау облысында азаматтарды жеке қабылдады

Маңғыстау облысында полиция жұмысының жыл қорытындысы шығарылды. Ведомство басшысы Сағындық Аяғанов 100-ден астам азаматты жеке қабылдады.

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі. Жыл басынан бері департамент бастығы жеке өзі 100-ден астам азаматты қабылдаса, оның орынбасарлары 50-ден астам өтінішті қарады.

Қалалық және аудандық бөлімшелердің басшылары шамамен 50 қабылдау өткізіп, 100-ден астам азаматты қамтыды. Соңғы қабылдауда полиция басшысына тұрғындар қылмыстарды тергеу, алаяқтық деректері және кадрлық мәселелер бойынша жүгінді.

Әрбір азаматқа түсіндірме беріліп, қажетті көмек көрсетілді. Қосымша назар аударуды талап ететін мәселелер департамент басшылығының бақылауына алынды.

Тұрғындар көрсетілген қолдау үшін полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Жеке қабылдау азаматтардың мәселелерін жедел шешуге және халыққа жақын болуға мүмкіндік береді.

Polisia.kz : https://polisia.kz/ru/nachal-nik-dp-provel-lichnyj-priem-grazhdan-v-mangistauskoj-oblasti/