
Түпқараған ауданында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» акциясы аясында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты — ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және бірлескен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру.
Мероприятияның негізгі міндеттері:
🔹 зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу,
🔹 қауіпсіз орта қалыптастыру,
🔹 әйелдер, балалар және отбасыларды қорғау,
🔹 қоғамдағы отбасының рөлін күшейту.
Идеялық ұран биыл мынадай:
«Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты бірге тоқтатайық!»
Дөңгелек үстел барысында тұрмыстық және цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккендерге жедел көмек көрсету тетіктері, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдары талқыланды.
Түпқараған ауданының мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдары зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне нөлдік төзімділік қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастырады.