Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, құқыққа қайшы әрекеттердің және буллингтің алдын алу

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, құқыққа қайшы әрекеттердің және буллингтің алдын алу

 Бейнеуде Біләл Қалиев атындағы мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ашылған Біләл Қалиев атындағы жалпы білім беру ұйымында бүгін «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында 8–11 сынып оқушыларына арналған профилактикалық кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, құқыққа қайшы әрекеттердің және буллингтің алдын алу, сондай-ақ оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру.

Кездесуге аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Е. Изкенов, аудан прокуроры С. Хасниязов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ш. Джаулиев қатысты. Басшылар оқушыларға төмендегідей маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
• кәмелетке толмағандардың құқықтық міндеттері мен жауаптылық түрлері;
• интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік қағидалары;
• құқыққа қайшы әрекеттердің әлеуметтік және құқықтық салдары;
• буллинг, кибербуллинг және зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары.

Кездесу барысында мектеп педагог-психологы Абитова Камшат Амангельдиевна «Буллингтің алдын алу» тақырыбында антибуллинг терапиясын өткізіп, оқушыларға жанжалды бейбіт жолмен шешу, өзара құрмет пен дұрыс коммуникация дағдыларын үйретті.

Шарадан кейін ведомство басшылары мектептің білім беру процесімен танысып, оқу кабинеттерін, спорт және қосымша білім беру бөлмелерін аралап көрді. Сонымен қатар оқу ортасының ұйымдастырылуына қатысты ұсыныстарын білдірді.

Іс-шараның басты мақсаты – Біләл Қалиев атындағы мектепте қауіпсіз, құқықтық мәдениеті жоғары және оқуға қолайлы орта қалыптастыру.