Маңғыстаудағы жолда көлік жылқы мен құлынды соғып, ЖКО орын алды

Маңғыстаудағы жолда көлік  жылқы мен құлынды соғып, ЖКО орын алды

Жол көлік оқиғасы  Жаңаөзенге кіре берісте болды.2020 жылдың 16 қазанында сағат 21:00 шамасында Жаңаөзен қаласына 500 метр жетпей, Мерседес шағын автобусы жылқы мен құлынды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде шағын автобус өртеніп кеткен. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік Кодексінің 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.  «Қазіргі уақытта жануарлардың иесінің жеке басы анықталып жатыр», - деді облыстың бас полицейі генерал-майор Жанарбек Бақтыбаев.