
1️⃣ “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары А. Мейрмановтың қатысуымен гарнизондық жиын өткізілді. Жеке құрамға нақты тапсырмалар берілді.
2️⃣ «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 14–16 қараша күндері кәмелетке толмағандарды құқықбұзушылықтан қорғау және олардың қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
3️⃣ “Учаске” іс-шарасы аясында Ақтау қаласының шағын аудандарында учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үйлерді аралап, азаматтармен жеке кездесулер өткізді.
4️⃣ “ҚР ІІМ-нің Адам өлтіруге қарсы іс-қимыл 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламасы” шеңберінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу мақсатында азаматтар демалатын орындарда тұрақты профилактикалық шаралар жүргізілді.
5️⃣ Жедел уәкілдер жаңа ашылған жәрмеңкеде тұрғындарға интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, банк картасы мен жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігін ескертті.
6️⃣ Учаскелік инспекторлар азаматтарға қару мен оқ-дәрілерді сақтау тәртібін түсіндіріп, мекенжайы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.
7️⃣ 2025 жылғы “Учаске” іс-шарасы аясында Ақтау қаласы маңындағы мал шаруашылықтарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндіру жүргізілді. Малдарға арнайы ленталар тағылды.
8️⃣ Ақтау қаласы бойынша мектептердің ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары оқушыларға қауіпсіздік және жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар өткізді.
9️⃣ Ақтау қаласының 4-шағынауданында орналасқан “мінез-құлқы девиантты” балаларға арналған мектеп-интернатта жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу және тәрбиелік маңызы бар жиналыс ұйымдастырылды.
‼️ 2025 жыл – профилактика жылы екенін ескертеміз!