Академияда нашақорлықтың зияны туралы профилактикалық сабақ өтті

Академияда нашақорлықтың зияны туралы профилактикалық сабақ өтті

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы академиясында нашақорлықтың зияны туралы профилактикалық сабақ өтті ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы академиясында курсанттарға нашақорлықтың адам денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңейтілген профилактикалық сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында есірткі заттарының таралу арналары, оларды қолданудың салдары, құқықтық жауапкершілік және есірткі қылмысының қоғамға әкелетін қауіптері жан-жақты түсіндірілді. Сабақты Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны А. Зиноллин жүргізді.

Ол академияда өтіп жатқан біліктілікті арттыру курсы барысында курсанттармен арнайы кездесу өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу кезінде тыңдаушыларға есірткі бизнесімен күресте қолданылатын жедел іс-шаралар, заманауи әдістер мен профилактикалық тәсілдер туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар есірткі тұтынудың зардаптарын көрсететін бейнематериалдар көрсетіліп, нақты мысалдар негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – курсанттардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру болды.

https://www.instagram.com/reel/DRNU57siEl_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==