
«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде Ағымдағы жылдың 14–16 қараша күндері Маңғыстау облысы аумағында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қатысуымен және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шараның басты мақсаты — кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз қалуын болдырмау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жасөспірімдермен байланысты ауыр және аса ауыр қылмыстардың, ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Рейдтік шараларға ювеналды полиция инспекторлары, жергілікті полиция қызметі және басқа да мүдделі органдар жұмылдырылған. Тексеріс барысында ойын-сауық орындары, қоғамдық орындар, саябақтар мен көшелерде жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына қатысты заң талаптарына сай шаралар қабылданады.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DRC4up1DPPC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==