Бейнеу ауданында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары салтанатты түрде Ант қабылдады

Бейнеу ауданында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары салтанатты түрде Ант қабылдады

2025 жылғы 22 қазан күні Бейнеу ауданының Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беру мектебінде полиция бағыты бойынша құрылған «Жас сақшы» арнайы сыныбының оқушылары салтанатты түрде Ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер табысталды.

Іс-шараға Бейнеу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Еркебұлан Изкенов, аудандық білім бөлімінің басшысы Шоқан Джаулыев, мектеп әкімшілігі, жеке құрам қызметкерлері мен оқушылардың ата-аналары қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ ішкі істер органдарына кәсіби қызығушылықты арттыру және полиция қызметіне оң көзқарас орнату.

Мұндай бастамалар жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, тәртіп пен заңдылық қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.

https://youtu.be/xgjTL6_dhjY